• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Мамыр, 2022

Павлодар жағалауында қамыс өртенді

418 рет
көрсетілді

Өрт салдарынан саяжайларға қауіп төнді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 23:47-де «Яблонька» бағбаншылығы ауданында Ертіс өзені алқабында шамамен 6 га алаңда қамыс жанып жатқаны туралы дабыл түсті.

«Өртті сөндіруге 17 адам мен өрт сөндіру қызметінің төрт техникасы, жергілікті атқарушы органдардан екі су тасығыш жұмылдырылды», делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт сағат 1:35-те оқшауланып, 2:07-де сөндірілді.