• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Мамыр, 2022

12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды

213 рет
көрсетілді

Синоптиктер еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстік-шығысында кей жерлерде 30 м/с және одан да екпінді болуы ықтимал.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 24-29 м/с. Талдықорған қаласында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с.

Алматы қаласында күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күн күркіреген кезде жел екпіні 15 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан, солтүстіктен, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м / с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында және оңтүстігінде бұршақ жауып, күн күркірейді. Өскемен қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с.

Семей қаласында да найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді. Жарма ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жел екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, солтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстік, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел түнде облыстың солтүстігіне, батысына ауып, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, солтүстігінде 30 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Павлодар облысында түнде батыста қатты жаңбыр, тұман, күндіз солтүстікте найзағай ойнайды.

Павлодар қаласында күндіз 19 мамырда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, күндіз облыстың шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні - 23-28 м/с, кейде 30 м/с асады. Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, дауыл соғады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.