• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Мамыр, 2022

Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды

223 рет
көрсетілді

Шымкенттегі тергеу изоляторында кісі өлтірді деген күдікті түнде тамырын кесіп тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

1962 жылы туған ер адам биыл наурызда кісі өлтіру ісі бойынша күдікті ретінде ұсталған. Ол 20 сәуірде де өзіне қол жұмсаған. Бейнебақылау камераларына түсіп қалмау үшін көрпе жамылған. Онымен бірге камерада тағы бес-алты адам болған.

Жедел жәрдем келгенімен, күдікті жан тапсырған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті бұрын да кісі өлтіргені үшін сотты болған.