Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағы үшін британдық Дэнни Дигнуммен жекпе-жекке шығады. АҚШ-қа Әлімханұлымен бірге қазақстандық жаттықтырушылар мен менеджерлер де келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Лас-Вегасқа ұшып келіп, 21 мамырда британдық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) өз дивизионында WBO әлемнің «уақытша» чемпионы бос атағы үшін күреседі», деп жазады Sports.kz.
Олардың жекпе-жегі 22 мамыр күні Top Rank бокс кеші аясында өтеді. Онымен бірге шайқас орнына бапкер Джеймс «Будди» Макгирт пен менеджерлері Эгис Климас пен Берік Сұлтан да келді.