• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Мамыр, 2022

Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін

542 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев мәлімдегендей, Ресей және Қытаймен шекаралас алаңдарда жаңа қорғасын-мырыш кен орындары ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда жаңа кен орындарын ашу үшін айтарлықтай перспективалар бар. Ақмола және Қостанай облыстарының, орталық, шығыс және оңтүстік өңірлердің алаңдарында алтынның кен орындары бар. Орталық және Оңтүстік Қазақстанда, Кенді Алтайда, сондай-ақ Ресей және Қытаймен шекаралас алаңдарда жаңа қорғасын-мырыш кен орындары ашылуы мүмкін», деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, елімізде вольфрам, молибден, алюминий, қалайы сияқты сирек кездесетін пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын ашу перспективалары жетерлік.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдарға арналған «Геология саласын дамыту» бағытын қамтитын «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы қабылданды. Оның аясында зерттеулердің жалпы ауданы 2026 жылға қарай 680 мың шаршы шақырымнан асады», деді Талғат Сатиев.