БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, РУ-170/2 мекемесінің бір қызметкері қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тексеру қорытындысы бойынша тағы үш қызметкерге қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту берілді. Төрт адамға қатаң сөгіс жарияланды. Үшеуі сөгіс алса, тағы біреуіне ескерту берілді», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал түрмесінде төбелес болып, 10 адам жарақат алғанын жазған едік. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) сәйкес полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі осы оқиға кезінде жақ сүйегі сынған адамның әлі ауруханада жатқандығын жеткізді.