Алматыда 41 жастағы ер адам кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, бейтаныс ер адам кәсіпкерді қорқытып, одан 260 мың доллар алмақшы болған.
«Аталған дерек жедел және арнайы іс-шаралар барысында расталды. 1981 жылы туған Н. есімді азамат физикалық күш көрсетемін деп қорқытып, кәсіпкерден ірі көлемде ақша талап еткен. Полицияның арнайы жасақтарының қатысуымен өткізілген арнайы шара нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Рұқсат етілген тінту кезінде қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс материалдарына тіркелді», деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, қамауға алынды.