• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Экономика 19 Мамыр, 2022

Арнайы экономикалық аймақтардан бюджетке 170,2 млрд теңге түсті

234 рет
көрсетілді

Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев  арнайы экономикалық аймақтар аумағында 711 салық төлеуші қамтылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан аумағында барлығы 13 Арнайы экономикалық аймақ тіркелген. Олардың мақсаты - өңірлер мен экономиканың жекелеген салаларын жедел дамыту. АЭА қатысушылары арасында 711 салық төлеуші қамтылған. Олар әрбір АЭА үшін белгіленген қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде заңнамада көзделген салық пен кедендік преференциялар түрінде басым құқық алады», деді М.Сұлтанғазиев дөңгелек үстел отырысында.

Оның айтуынша 2019-2020 жылдары корпоративтік табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық жеңілдіктері 128 млрд теңгені, кедендік баждар мен импорттағы ҚҚС бойынша 2019-2021 жылдары 244 млрд теңге сомасында жеңілдіктер жасалды.

«2020-2021 жылдары салық төлемдері тұрғысында бюджетке түсімдер 170,2 млрд теңгені құрады. Салық және кеден заңнамасына сәйкес, тиісті әкімшілендіру салық төлеушілердің барлық санаттары бойынша, оның ішінде АЭА қатысушыларына қатысты жүргізіледі», деді вице-министр.