Биыл Солтүстік Қазақстан облысында желшешек жұқтырғандар күрт артты. Өткен жылмен салыстырғанда ауырғандар саны 2,3 есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басталғалы желшешекті жұқтырудың 712 жағдайы тіркелген. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл 2,3 есе көп. Ауырғандардың басым бөлігі - 14 жасқа дейінгі балалар, яғни 635 жеткіншек желшешек жұқтырған.
Жалпы желшешек - ауа-тамшы арқылы таралатын, дене қызуын көтеріп, бөртпе шығатын жіті инфекциялық ауру. Вирус ауру адамнан жұғады, сондықтан ауру басталғанда сау адамдармен байланысты шектеу өте маңызды. Сондықтан сіз немесе балаңыз ауырып қалса, мектепке, балабақшаға немесе жұмысқа бармаған дұрыс.
Инкубациялық кезең 10-нан 21 күнге дейін созылады. Ауру басталғанда алдымен дене температурасы 39-40 градусқа дейін күрт көтеріліп, бас ауырады. Желшешектің ең айқын белгісі – бөртпе шығып, оның қышуы. Үйде қышыма пайда болғанша дейін отыру керек, бұл теріде вирустың жоқтығының белгісі. Әдетте ол дақтар шыққаннан кейін 5 күннен соң пайда болады.
«Желшешекпен ауырғанда көбірек сұйықтықты - су, шай, шырындар және жеңіл сорпаларды ішкен дұрыс. Егер ауырсынсаңыз және ұйықтай алмасаңыз, парацетамолды қолданыңыз. Кішкентай баланың тырнақтарын алып, әсіресе түнде ол өзін тырнап алмауы үшін қолына қолғап кигізіңіз. Қышынудан балаларға антигистаминді препараттарды беруге болады. Гигиенаға келетін болсақ, жылы, бірақ ыстық емес душ қабылдаған дұрыс, содан кейін теріні құрғатып, бөртпе жазылғанша бос киім киген жөн», дейді санитар дәрігерлер.
Мамандардың айтуынша, ең бастысы – жараның бетін ашпау, тырнамау. Тыртықтар қалып қоймауы үшін теріге тиіспеген маңызды. Егер дене қызуы 39 градустан асса, бөртпе пайда болса, дәрігерге шұғыл түрде хабарлаңыз. Сондай-ақ, егер бала өзін нашар сезінсе дәрігерге көрсетіңіз. Балаларда желшешек ересектерге қарағанда жеңіл өтеді. Желшешекпен ауырған адамдарда осы инфекцияға өмірлік иммунитет қалыптасады. Алайда иммунитет әлсіз болса қайта инфекция жұқтыру қаупі бар.