Алматыда орын алған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жол апаты бейнеленген бейнебаян әлеуметтік желіде пайда болды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 мамырда түнгі сағат 23:45 шамасында болған.
«Toyota Grаcia» көлігінің 2001 жылғы жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта жүріп бара жатып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Осылайша жүргізуші бетон жиектасқа соғылып, кейін әл-Фараби даңғылының бойымен жүріп, 1994 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы «Chevrolet» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Әрі қарай ол жарнамалық тақтаның металл тірегіне кіріп кеткен», деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Жол-көлік апатының салдарынан «Toyota Grаcia» көлігінің 2001 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, көлікте болған төрт адам, оның ішінде жүргізуші де әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.