• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 20 Мамыр, 2022

Ауыл мектептері заманауи жабдықтармен қамтылады

541 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда үздік педагогтерді өңірлерге тартуға арналған арнайы бағдарлама әзірленіп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы мәселесі бар екені де белгілі. Бұл қоғам тарапынан, сенаторлар тарапынан көтеріліп жүрген сұрақтардың бірі. Осы алшақтықты жою үшін мектептерді модернизациялау жүргізілуде. Атап айтқанда бұл ауыл мектептерін білім сапасына тікелей ықпал ететін – пәндік кабинеттермен, кітапханалармен, интернетпен және мектеп жиһазымен жабдықтауға бағытталған. Өткен жылмен қосқанда биыл 2 мыңнан аса ауыл мектебі осындай жаңғыртудан өтеді (2025 жылға қарай 5000 мектеп)», деді Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар ол мектептегі білімнің деңгейі ұстаздардың біліктілігімен де байланысты екенін атап өтті.

«Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үздік педагогтерді өңірлерге тартуға арналған арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Бағдарламаға сәйкес білім сапасында алшақтық бар өңірлерге (Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Алматы облыстары) баратын, іріктеуден өткен педагогтерге үстемақы төленетін болады», деді Үкімет басшысының орынбасары.