• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Мамыр, 2022

Бір тәулікте 263 мың адам инфекция жұқтырған

187 рет
көрсетілді

Солтүстік Кореяда ресми билік тарапынан «белгісіз безгек» деп аталып кеткен ауру белгілері бар науқастардың саны күрт өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі жариялаған ақпаратқа қарағанда, аталған індетті тәулік ішінде 263 мың адам жұқтырғаны анықталды. Олардың 2-уі қайтыс болған.

Дертке шалдыққандардың жалпы саны 2,241 миллионға жетті, 65 адам көз жұмды. Сонымен қатар науқастардың 1,5 миллионға жуығы сауығып, тағы 754,8 мыңы емін жалғастырып жатыр.