• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2022

Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды

310 рет
көрсетілді

Алматыда «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ инженерлік-сейсмометрикалық қызмет станцияларын орнатуға ғылыми-техникалық тұрғыдан көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы метрополитенінің «Бауыржан Момышұлы» және «Сары Арқа» жаңа станцияларында тоғыз арналы цифрлы аспапты-өлшеу жүйелері орнатылды. Аталған құрылғылар швейцариялық «GeoSIG» фирмасының өнімі.

Бұл – Алматы қаласының метро жүйесінде орнатылған алғашқы сейсмикалық станция. Аталған құрылғылар жер сілкінісін алдын-ала болжауға мүмкіндік беріп, зілзала кезіндегі кинематикалық параметрлердің аспаптық жазбаларын алуға септігін тигізбек. Құрылғыдан алынған ақпарат сейсмикалық әсердің нақты қуаты мен ерекшеліктерін ескеруге және метрополитеннің жаңа станцияларын жобалауға ықпал етеді.

Құрылғылар күту режимінде жұмыс істейді. Оның іске қосу шегі - 0.05g. Аспапта іске қосу шегінің болуы -  метрополитендегі пойыздар қозғалысының динамикалық әсерімен байланысты.

Станциялар өткен жылы техникалық тұрғыдан іске қосылды. Биыл маусым айында оларды толығымен пайдалану жоспарланып отыр. Алдағы уақытта метрополитендегі құрылысы жүріп жатқан тағы екі бекетте осы сынды сейсмикалық станцияларды орнату көзделген.