Халықаралық Түркі академиясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың «Қазақ ою-өрнегінің Атласы», «Қошетер» қазақ халқының қолөнері» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақ мәдениетінің бай мұрасын насихаттайтын тағылымды шараға еліміздің танымал этнографтары, өнертанушы, мәдениеттанушы ғалымдары және суретшілер мен зергерлер қатысады деп жоспарлануда.
Кітаптардың тұсаукесер рәсімі 2022 жылдың 23 мамыры күні, сағат 15:00 де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді.