Жарылыс кезінде жақын маңдағы бес қабатты тұрғын үй зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Зардап шеккен дәріхана күзетшісі ауруханаға жеткізілді.
«Бүгін сағат 12.06-да 102 нөміріне Шымкенттегі Г. Иляев көшесінде жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Шымкент қаласы ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері келіп жетті. Олар жарылыс салдарынан 138-ші мекенжайдағы медициналық ертінді өндірілетін ауруханааралық дәріхана ғимаратының күл-талқаны шыққанын анықтады. Жарылыстан кейін пайда болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады», делінген Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылысқа ауада газдың көптеп жиналуы себеп болуы мүмкін.
Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ.