Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сахна саңлақтарын бір қуантты.
Президенттің араға жиырма үш жыл салып «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтару туралы шешімі осы жолда адал қызмет етіп жүрген өнер майталмандарының алдында жаңа мақсаттарды айқындады.
Жас өнерпаздар арасында Жұмат Шанин, Жүсіпбек Елебеков, Ермек Серкебаев, Роза Бағланова, Шара Жиенқұлова, Шәкен Айманов және басқа да ұлтымыздың біртуар тұлғаларына еліктемейтіні кемде-кем. Мүйізі қарағайдай марғасқаларға қарап бой түзеп, ізін басуға ұмтылған жас буын үшін құрметті атақтың қайтарылуы керемет мүмкіндік әрі өмірлік мотивация болмақ.
Ері еліне тіреу болып, елі еріне сүйеу болып, әдебиет пен мәдениетіміздің, ана тіліміз бен ата дәстүріміздің ғұмыры баянды болсын.
Ерлан ДАКЕНОВ,
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония директоры