Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогінде үздік ондықтан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында спорттық құзға өрмелеуден жылдамдық және боулдеринг санаты бойынша әлем кубогі мәресіне жетті.
Қазақстан сапынан Әмір Маймұратов жылдамдық бойынша қатысты. Іріктеу кезеңінде ол 5.07 секундты тіркесе, финалда межені 7.03 уақытта бағындырды.
Айта кетсек, аталған санат бойынша әлемнің 35 спортшысы бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.