ҚР ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Кинология орталығының бастығы А.А. Болғымбаеваға қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. А. Болғымбаева 2021-2022 жылдары өзінің қарамағындағылардан жалпы сомасы 1 675 000 теңге болатын, сыйлықақы төлемі ретінде берілген ақшалай алым жасады деген күдікке ілінген», делінген хабарламада.
Алматы қаласы бойынша Түрксіб аудандық сотының 19 мамырдағы үкімімен А.А. Болғымбаева мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.