• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 24 Мамыр, 2022

Ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары пысықталды

402 рет
көрсетілді

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Түркістан облысында болып, бірқатар аудан мен Арыс қаласындағы референдум учаскелерінің жай-күйімен танысты.

Арыс қаласының Мәдениет үйінде жиналған халықпен кездесіп, аумақтық референдум комиссиялары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу туралы семинар-кеңес өткізді. Жиында Нұрлан Әб­діров референдумның мем­лекет болашағына оң өзгеріс әкелетінін айтып, алда өтетін референдумды өткізудегі ұйымдастыру жұмыстарына тоқталды. Жиын барысын­да Түркістан облысы әді­лет департаментінің басшы­сы Мұхит Тұрғараев «Қазақ­стан Республикасының Конс­ти­­ту­­циясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Заңының жобасы туралы», Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков «Рес­публикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, Орталық референдум комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Жалмұрзаев «Республикалық референдум қарсаңындағы үгіт және дауыс беру күні бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу туралы» тақырыбында БАҚ өкілдеріне ақпарат берді.

Сондай-ақ бұл күні Орда­басы ауданының орталығы Темірланда Қажымұқан ауыл­дық округінде орналасқан референдум учаскелерінің жай-күйімен танысқан комиссия төрағасы аудандық Мәдениет үйінде аумақтық референдум комиссиялары мен жергілік­ті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесті. Жиын­да халық мол үміт артып отыр­ған республикалық референ­думды әзірлеу мен өткізу туралы жұмыс барысы тексе­рілді. Нұрлан Мәжитұлы референ­думның мемлекет болашағына оң өзгеріс әкелетінін айтып, алда болатын саяси науқанды өткізудегі ұйымдастыру жұ­мыстарына тоқталды.

Сондай-ақ жиында референдум өткізу бойынша жергілікті атқару органдарының тарапынан атқарылып жатқан жұ­мыс­тардың барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қал­қаманов, аумақтық референдум комиссиясының төр­ағасы Әлібек Өмірәлиев ұйым­дас­тыру және дауыс беру учаскелерін­де референ­дум комиссиялары­ның қызметінің ерекшеліктері туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Жиыннан соң Орталық референдум комиссиясының төраға­сы Темірландағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия­сы, Темірлан жалпы орта мек­тебі, С.Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта мектебіндегі референдум учаскелерін аралап, комиссия мүшелеріне жұмысты үйлестіру бойынша бағыт-бағдар берді.

 

Түркістан облысы