• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Референдум 24 Мамыр, 2022

Ертеңге деген сенімді оятады

718 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде жалпыхалық­тық ре­ферендумға байланыс­­ты ­дөң­гелек үстел өтіп, оған Пар­ламент Сенатының депутаты, ре­фе­рендумға бай­ланысты құрыл­ған рес­публикалық штаб мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, БАҚ өкіл­дері қатысты.

Конституцияға енгізіле­тін өз­герістер мен толықтыру­лар­дың ма­ңыз­дылығы айтылған жиында сенатор халықтың бұл саяси науқаннан үлкен үміт күтіп отырғанын айтты.

– Мемлекет басшысы нау­рыз айындағы Жолдауында саяси ре­форманың өзгеретінін және эконо­микалық тұрғыдан нақты әрекет­тер жүргізілетінін айтқанын біле­сіздер. Соның басты қадамы – осы Конс­титуциядағы өзгеріс. Мен осы өз­герістерді үшке бөліп айтар едім. Оның алғашқысы – билік тар­мағы ара­сын­дағы қарым-қатынасты оңтай­ландыру. Екіншісі – азаматтарды мемлекеттік билікке тарту, араластыру. Үшінші бөлігі – адам және адам құқықтары. Енді «Бұл өзгерістерге ел қалай қарайды?» дегенге келейік. Жер-жерде өткізіліп жатқан кездесулерде жұртшылық­­тың жаңаруға деген ұмтылы­сы бай­қалады, – деді Мұрат Бақтиярұлы.

Ата Заң тарихын саралаған сенатор 1993 жылғы 28 қаңтарда қабыл­дан­ған Конституцияның ерекшелі­гіне тоқталды. Бірақ көп билікті Пар­ламентке берген сол Конституциядан кейін заңдардың қабылдануы қиын­дады. Сенатор заңдардың алты ай, 1 жылға дейін айтыс-тартысқа түсіп қабылдануы, кешігуі саяси-экономикалық жүйеге қатты әсер ете баста­­ға­нын ашық айтты.

Мұрат Бақтиярұлы қазіргі Конс­титуция да алғашқы жылдары нарық талабына сай заңдар шығуына негіз болып, ол экономикамызды алға жыл­­жытқанын атап өт­ті. Бірақ кейін­нен күшейген пре­зиденттік билік, Пар­ламент қабылдаған консти­туциялық реформалар саяси жүйенің дамуын тежеді.

– Халық пен билік арасында сенім болғанда ғана қоғам алға басады. Мысалы, Президент­тің екі мерзімге ғана сайлануы, оның жақын туыстарының лауазымды қызметтерге таға­йындалуына тоқтау қо­йылуы – ел күткен жаңа­лық. Негізгі Заңдағы басқа да өзге­ріс­тер азаматтарымыздың ертең­ге деген сенімін оятады, – деді сенатор.

 

Қызылорда