• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2022

ШҚО-да азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жазаланады

206 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын өсірген кәсіпкерлер жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірде азық-түлік бағасы қымбаттамауы үшін бірқатар шара қолға алынған. Тұрақтандыру қоры павильондарына тауарлар көптеп жеткізіліп, кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

«Бүгінгі таңда елдің оңтүстік облыстарынан қырыққабат жеткізуге келісімшарттар жасалды. 200 тоннаның 75-і «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның сауда павильондарына жеткізілген. Ал қант қоры 10 күн сайын толықтырылып отырады. Ұн жеткізу бойынша да келісімдер бар. Алдағы уақытта үй маңындағы дүкендерді тексеруді жалғастыру қажет», деді облыс әкімі.

Ол әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын өсірген, сөрелердегі азық-түліктің бағасын жазып көрсетпеген кәсіпкерлер жазаға тартылатындығын жеткізді.