• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 24 Мамыр, 2022

Полиция генерал-майоры жемқорлық бойынша күдікті деп танылды

517 рет
көрсетілді

23 мамырда Антикоррупциялық қызмет полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR-ға сілтеме жасап.

Ол 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған.

Халықұлы Жайлаубек соңғы қылмыстық істі тоқтатты, алдау жолымен «К» есімді азаматтың ақшасы мен мүлкін иеленді деген күдікке ілінді. Сол күні Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды.

Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Күдіктіге қатысты кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды.