• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 25 Мамыр, 2022

Дауыс беруге ресурстарды жұмылдыру аса маңызды

305 рет
көрсетілді

Кеше AMANAT партия­сы­ның Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Консти­ту­циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бо­йынша референдум өткізуді қолдау мақсатында бейнеконференция байланысы арқылы Республикалық партиялық штабтың кезекті отырысын өткізді.

Үгіт науқаны басталғаннан бері аманаттықтар 5 мыңнан астам іс-шара өткізді. Атап айтқанда, еңбек ұжымдарымен, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы және басқа да сала өкілдерімен кездесулер өтті. Оның ішінде өңірлердің тұрғындарымен бір мыңға жуық кездесуді Пар­ла­мент Мәжілісіндегі партия фрак­ция­сы­ның мүшелері өткізді.

Жалпы, үгіт-насихат іс-шара­ларына 220 мыңнан астам адам қатысты.

AMANAT партиясының референдум өткізуді қолдау үгіт науқаны жалғасып жатыр. Қарқынды төмендетпеу керек. Өткізілетін кездесулердің санына ғана емес, бірінші кезекте сапасына да назар аударған жөн. Біз конституциялық өзгерістердің мәнін түсінікті, қарапайым тілмен жеткізуіміз қажет. Адамдарды учаскелерге келіп, өз дауысын беруге ынталандыруымыз керек», – деді партия Төрағасы.

Ерлан Қошанов атап өткендей, қазіргі уақытта 5 маусымда өтетін референдумда азаматтарды дауыс беруге шақыру үшін барлық ресурсты жұмылдыру өте маңызды.

Жиын соңында партия Төра­ғасы үгіт-насихат жұ­мыстарын жандандыруға қа­тыс­ты бірқатар нақты тапсырма берді.