• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Мамыр, 2022

Елордада бірнеше автобустың бағыты өзгерді

159 рет
көрсетілді

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше қоғамдық көліктің жүретін бағыты өзгерді. Бұл жайында City Transportation Systems көлік компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгіннен бастап жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 1 А, 18, 21, 52, 45, 28, 70, 37, 32, 44 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеде таныса аласыздар.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда күн жылынғалы жол жөндеу жұмыстары басталды.

Күні кеше № 5, 5А, 7, 12, 20, 21, 25, 31, 40, 71, 72 бағдарларының бағыты уақытша ауысты.

Жалпы осы уақытқа дейін елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі учаске жабылған болатын. Оның алдында екі көше жартылай жабылған.