Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен аудиторлық тексеру жүргізу барысында облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері әшкереленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен аудиторлық тексеру жүргізу барысында бірнеше рет пара алғаны үшін Қызылорда облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман-мемлекеттік аудиторына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
«Аудиторлық тексеру жүргізу кезінде аталған тұлғалар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не бағынысты мекеме бухгалтерлеріне киілген киімдерді (пальто, күртеше, орамал) көтеріңкі бағамен өткізуді талап етіп, сатудан түскен 456 000 теңге ақшалай қаражатты өз қалтасына алғандығы анықталды», делінген ANTIKOR хабарламасында.