Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өтетін 5 маусым күні Ресей Федерациясының аумағында сайлау учаскелері ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстанның 18-ге толған азаматтары Ресейде 5 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Олар Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань, Омбы қалаларында орналасады. Учаскелер таңғы сағат 7-ден бастап кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қазір Мәскеу бойынша мың адамнан астам сайлаушылар келеді деп болжап отырмыз. Алайда бұл сан өзгеруі мүмкін», дейді Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің екінші хатшысы Руслан Шаймағанбетов.
Салтанат Кенжебай