Ішкі істер министрлігінің департамент басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ сілтеме жасап.
«Министрлікте полиция қызметтерінің басшы лауазымдарына үміткерлердің кандидатурасы қаралды. Бұл – Iшкі істер министрлігінің кадрлық тағайындауының жаңа форматы. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов және оның орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі қызмет басшылары кандидаттардың кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады», делінген хабарламада.
Кандидатураларды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен:
– ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдос Рысбаев;
– ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымына Хаджи-Ғали Имажанов;
– ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымына Шыңғыс Алекешев;
– ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дамир Тайжанов;
– Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Рүстем Тұңғышбаев тағайындалды.
Аяна Тоғанбек