• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2022

Балғындарға арналған көркемсөз байқауы

299 рет
көрсетілді

Науырзым өңірінде Балалар жылына арналған «Сөз құдіреті» облыстық байқауы қорытындыланды. Көркем прозадан алынған үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша өткен өнер сайысына 12-13 жас аралығындағы балалар қатысты.

Аталған көркемсөз са­йысын Қостанай облысы әкім­дігінің мәде­ниет бас­қар­масы мен Ы.Алтын­са­рин атын­дағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітап­ханасы ұйымдастырып отыр.

– «Сөз құдіреті» байқауы тоғыз жыл бойы талантты жас­тардың талабын қолдап, шығармашылығын ұш­тау­ға ықпал етіп келеді. Бұл әуел­­де әдебиетсүйер кітапха­на­шылардың бастамасымен қолға алынған байқау еді. Баланың сөйлеу мәнерінің айқындығын, оқылымның эмоционалдық көркемдігін, мәтіннің бейнелік желісі мен мазмұндық құрылымын терең сезінуін және актерлік ше­берлігін шыңдайтын дәс­­түрлі байқауға айналды, – дейді Науырзым аудан­дық кітап­ханасының қызмет­керлері.

 Байқауға мәнерлеп оқу­дан қалалық және аудан­дық деңгейде өткен сайыстардың жеңімпаздары қатысып, әзер­байжан, армян, бело­рус, қыр­ғыз, молдаван, орыс, тәжік, өзбек және қазақ авторла­ры­ның прозалық шығарма­ла­рынан үзінділер оқыды.

Қазылар алқасының ше­шімімен Науырзым аудан­дық балалар кітапханасының атынан шыққан Жамбыл жалпы білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Төлеубек Аяжан молдован қаламгері С.Ван­гелидің «Гугуцэ оқи­ғалары» жинағына енген «Етік­ші» әң­гімесін мәнерлеп оқып, бай­қаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

 

Қостанай облысы