• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2022

Саяжайдан есірткі зертханасы табылды

322 рет
көрсетілді

Ақтөбенің 48 жастағы тұрғыны саяжайда қарасора өсіріп, оны өңдейтін зертхана ашқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жылдам қимылдайтын жасақ қызметкерлерімен бірлесіп, саяжайды тауып, күдіктіні ұстады.

Күдікті саяжайдан соңғы үлгідегі техникалық құралдармен жабдықталған зертхана ашқан. Тұқым мен техниканы интернет дүкендерден сатып алған. Саяжай иесі қарасораны жеке пайдалану мақсатында өсіргенін айтқан.

Қазір қылмыстық кодекстің 297 бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу басталған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктіні бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.