• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2022

Атырауға бара жатқан пойызда нәресте дүниеге келді

232 рет
көрсетілді

Аққыстау-Атырау учаскесінде Астрахань-Атырау бағытындағы №626 жолаушылар пойызының қызметкерлері жолаушыны босандырып алды, деп жазады Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кенжегүл Қайырболатова Ганюшкинодан Атырауға бесінші вагонмен келе жатқан. Ганюшкино станциясынан шыққаннан кейін таңғы сағат 5-те Кенжегүлдің толғағы басталды. Пойыз басшысы Сәуле Ілиясова бастаған пойыз бригадасының қызметкерлері қажет шаралар қабылдап, нұсқаулыққа сәйкес машинисті хабардар етіп, жедел медициналық жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақырды», деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін жолсеріктер - Мырзагүл Қаражігітова, Марияш Оразғалиева және Лаура Камалова сағат 05:30-да вагонда қыз босанған жас анаға қажет көмек көрсетті.  

Сәуле Ілиясованың айтуынша, жолаушылар тасымалында жұмыс істеген 15 жыл ішінде ол осындай жағдайға алғаш рет тап болған. 

Атырау станциясына келгеннен кейін жаңа туған сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап алған.