• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Мамыр, 2022

Бразилияда нөсер салдарынан 56 адам қайтыс болды

644 рет
көрсетілді

Бразилияның солтүстік-шығысындағы Ресифе және Олинда муниципалитеттерінде толассыз жауған жаңбыр суының тасқыны салдарынан 56 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пернамбуку штатының азаматтық қорғанысы 4 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалғанын хабарлады. Жергілікті билік алдағы күндері ауа райының әлі де нашарлап кетуі мүмкін екенін ескертеді.

Бразилия президенті Жаир Болсонару қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, іздеу-құтқару операциясына көмектесу үшін апатты өңірге әскер жіберді.

Ең көп зардап шеккен екі қалаға шамамен жарты миллион еуро көлемінде гуманитарлық көмек бөлінді.

Жыл басталғалы бері жүздеген бразилиялық табиғи апат салдарынан қайтыс болды. Ақпан айында Рио-де-Жанейро штатының Петрополисінде орын алған су тасқынынан 230-дан астам адам қаза тапқан.