Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Орталық-Азия бойынша Азия чемпионатына іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Аталған бәсеке 2-3 маусым күндеріне жоспарланған. Іріктеу додасына Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамаларынан спортшылар қатысады.
Алан Құрманғалиев, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Сағантай Құрмамбаев, Сарвиноз Миркадирова, Ангелина Романовская, Анель Бақыт және Алиса Цвигун Қазақстан намысын қорғайды.