Желінің жетегіндегі жеткіншектердің YouTube, WhatsApp және TikTok қосымшаларында көп уақыт өткізетіні анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kaspersky компаниясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда балалар арасындағы ең танымал қосымша YouTube болды. Оның үлесіне жылдың алғашқы үш айында ең танымал он қосымшада өткізген уақытының 30% тиесілі. Үштікке сонымен қатар WhatsApp және TikTok желілері кірді. Сарапшылар осыған байланысты киберқауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынып отыр.
«Заманауи технологияның пайдалы қызметтері балалардың мүддесін жақсы түсініп, оларды қауіпті ақпараттан қорғауға көмектеседі. Алайда техникалық мүмкіндіктерді қолданған кезде жеке шекара туралы ұмытпауымыз керек. Өйткені, бала – бұл кішкентай тұлға», дейді Kaspersky компаниясының Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.
Енді ата-аналар YouTube видеохостингіне арналған жаңа қызмет түрі арқылы ересектер мен балалардың қандай бейне көргенін бақылай алады.
Аталған компания балалардың желідегі қауіпсіздгін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға бірнеше кеңес береді:
балалармен ғаламтордағы өмірі туралы көбірек сөйлесу; құпиялылық туралы келісімдерді мұқият оқып шығуға үйрету; қажет болса ата-ана бақылауына арналған қосымшаны орнату. Бірақ балаға бұл бағдарламаның мақсатын және мұндай шешімді қабылдау себебін түсіндіру қажет.Салтанат Кенжебай