• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Мамыр, 2022

Астанада «Менің атым Қожа» кейіпкерінің ескерткіші ашылады

1290 рет
көрсетілді

Ертең елордада «Менің атым Қожа» шығармасының кейіпкеріне орнатылған ескерткіш ресми ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шара Қазақстандағы «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған.

1963 жылы «Менің атым Қожа» шығармасы желісімен «Қазақфильм» студиясы түсірген балалар фильміндегі Қожа кейіпкеріне орнатылған ескерткіштің жалпы биіктігі 183 см, қола, гранит материалдарынан жасалған.

Идея авторы - Мұрат Қожамқұлов.

Мүсінші - Талапхан Азамат.

Айта кетсек, «Менің атым Қожа» - 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы – балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев. Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылған. 1963 жылы «Қазақфильм» студиясының осы шығармасы бойынша жазылған киносценарий экранға шықты.

Ескерткіштің ресми ашылуы ертең сағат 11.00-де «Жетісу» саябағында өтеді.

Гүлдана Елубай