• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Мамыр, 2022

Францияда маймылшешекке қарсы вакцинация жүргізіле бастады

185 рет
көрсетілді

Францияда маймылшешек ауруын жұқтырудың 16 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz France Bleu сайтына сілтеме жасап.

Францияның қоғамдық денсаулық сақтау қызметі маймылшешек ауруы анықталған науқастар бақылауға алынып, тұрғындарға екпе егіле бастағанын хабарлады.

Әлемде аталған дерт расталған елдердің саны күн санап өсіп жатыр. Оның белгілері 14-тен 21 күнге дейін созылады. Індет жұқтырған науқас дене қызуын, терінің зардап шеккен жерлерінде қышу немесе ауырсынуды сезінеді. Кейбір жағдайларда инфекцияның ауыр түрі де байқалуы мүмкін.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі әләмдегі жағдайды бақылап отыр. Ведомство азаматтарға аурудың өршуіне байланысты кейбір Африка елдеріне барудан аулақ болуды ұсынды.