• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 31 Мамыр, 2022

Доллар бағамы 414 теңгеге төмендеді

516 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасының деректеріне қарағанда, доллар бағасы бүгін де төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 11,96 теңгеге төмендеп, 414,67 теңгені құрады.

Айта кетсек, Ұлттық банктың 31 мамырдағы ресми бағамы бойынша, 1 доллар 427,39 теңгені құрайды.

Kurs.kz деректері бойынша Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 422,34 теңге, ал сатылымы - 428,35 теңге.

Ал Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 422,88 теңгеден сатып алып, 427,26 теңгеден сатады.