Қырғызстанның Министрлер кабинеті ел аумағынан қантты алты ай мерзімге экспорттауға уақытша тыйым салады, деп хабарлайды Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Тиісті шешім Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің кезекті отырысында қабылданды.
Агенттік мәліметінше, қаулы Қырғызстан аумағынан қантты жаппай шығару мүмкіндігін болдырмау, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қант нарығындағы бағаны тежеу мақсатында әзірленген.