• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 01 Маусым, 2022

Болашағымыздың негізі қаланбақ

239 рет
көрсетілді

Күллі халқымыз көз тігіп, үлкен үміт артып отырған саяси реформаның бірі – бүкілхалықтық референдумның өтуіне аз ғана күндер қалды. Ауқымды өзгерістерден тұратын осынау конституциялық реформа – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды белес екеніне ешкімнің күмәні болмаса керек.

Еліміздегі соңғы референдум 1995 жылдың 30 тамызында өтіп, Ата Заңымызға өзгерістер енгізілгені белгілі. Содан бергі уақыт аралығында Ата Заңға 4 рет өзгеріс ен­гі­зілгенімен, оның барлығы да Парламент қабырғасында қабылданды. Бұрынғы саяси жүйені түбегейлі жаңғыртуды қолға алған Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конс­титуцияны Парла­мент­тің қа­рауымен емес, ха­лық­тың тіке­лей қатысуымен қабыл­дау­ды жөн санап отыр. Себебі ха­лықтың сенімінен, ха­лықтың тілегінен артық еш­теңе жоқ. Ал халықтың се­ні­мі – шын мәнінде қоғамның қозғаушы күші.

Осынау саяси оқиғаға аға буын өкілдері де белсенді атсалысуда. Конституциялық ре­­фор­маның маңызын халыққа ке­ңінен ұғындыра отырып, 5 маусымда өтетін референдумға ел азаматтарының ұйымдасқан түрде дауыс беруі үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүр­гі­зіп келеді. Мамыр айында шардаралық ардагерлер Мә­жіліс депутаты Құдайберген Ержан, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбековпен кездесулер өткізді. Жуырда ғана Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық Ардагерлер кеңесінің ІХ съезі онлайн режімде ұйымдастырылды. Осы алқалы жиынға облыс­тық Ардагерлер ұйымының төрағасы Жеңісбек Мәулен­құлов­пен бірге қатыстық. Рес­­пуб­ликалық Ардагерлер ұйы­мының төрағасы Бақты­қожа Ізмұхамбетов съезде сөй­леген сөзінде Мемлекет бас­шысының жүргізіп отырған саяси реформасына ардагерлер қауымы нақты істерімен қолдау көрсететіндерін мәлім­деді.

Осы орайда Шардара ауданында референдумды қолдау мақсатында арнайы штаб құ­ры­лып, жұмыс істеп келе жат­қа­нын айтып өткім келеді. Жұмыс тобы қазірге дейін Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу, Ұзын ата ауылдық округтерінде болып, халыққа түсіндіру жұ­мыстарын жүр­гіз­ді. Еңбек ардагерлері, бі­лім және ден­саулық сала­сы­ның қызмет­кер­лері, шаруа қожалығы төра­ғалары, фе­р­мерлер мен кәсіп­кер­лер тар­тылған жиында халық үшін маңызды саналатын рефе­рен­думның мән-маңызы жан-жақты талқыланды. Ата Заңы­мыз­ға енгізілетін өзге­ріс­тер егжей-тегжей түсін­дірілді. Конституциялық рефор­маның құқықтық негізін қалып­тас­ты­ратын супер­пре­зидент­тік басқару үлгісінен алыстау, бір­қа­тар билік өкілеттігін қай­та бөлу, Парламенттің рөлін кү­шей­тіп, мәртебесін арттыру, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қор­­­ғау тәсілдерін жетілдіру сияқ­­­ты өзгерістер – халықтың се­­німінен шығатын процестер болмақ. Ең бастысы – референдум жарқын болашағымыздың негізін қалайтын таңдау боларына ел көз жеткізіп отыр.

Бүгінгі таңда шардаралық ардагерлер қауымы елде болып жатқан оқиғаларды қалт жібермей қадағалап, Мемлекет басшысының оң өзгерістеріне қолдау көрсетіп келеді. Жеті мыңға жуық зейнет жасындағы аға буыннан құралған ардагерлер ұйымы кейінгілерге үлгі-өнеге көрсете отырып, алдағы референдумға белсенді түрде қатысады деп сеніммен айта аламын. Ата Заңға оң өзгеріс енгізу – алдағы Жаңа Қазақстанды құруға негіз болатын жауапты міндет. Бұл міндетті ардагерлер қауымы зор жауапкершілікпен жүзеге асыра бермек.

 

Тоқсанбай БЕРДІБЕКОВ,

Түркістан облысы Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы