Референдумның өтуіне аз-ақ уақыт қалды. Бұл жолы халық санақ нәтижесінің бұрмаланбайтынына сенгісі келеді. Бұл жолы осыған дейінгі сайлауларда байқалғандай, сенімсіздік көзқарас байқалмағаны үміттендіреді. Жалпы, референдум халықтың мемлекетке деген сенімін қайтаруға жасалған игі қадам болмақ.
Ел мемлекеттік басқару деңгейінде де сапалы өзгерістер болғанын қалайды. Қазір Мемлекеттік қызмет агенттігі бюрократиясыздандыру бойынша жұмысты бастады. Теориялық тұрғыдан мемлекеттік қызметтегі рәсімдер мен құжат айналымының жартысын, тіпті уақыт өте келе 80 пайызын алып тастауға болады. Ұлттық экономика министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі блоктық бюджет, бюджетті жоспарлаудағы бюрократияның бәрін жою, мемлекеттік органдардың жұмыс жылдамдығын арттыруға басымдық бере бастады. Осы бастамалардың барлығы формализмге айналмайды деп сенемін.
Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,
экономист