• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Маусым, 2022

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

1066 рет
көрсетілді

Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі​ Алқа мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ЕЭК сайтына сілтеме жасап.

Бақытжан Әбдірұлы 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Үшарал ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.

1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының меңгерушісі. 1988 жылдан С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.

1992 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық жұмыстарда болды. 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

1999 жылдан - ҚР шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары.

2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы.

2001 жылдан ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2004 жылдан - ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы.

2007 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. 2008 жылдан - Павлодар облысының әкімі.

2012 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Экономикалық даму және сауда министрі.

2012-2013 жылдары - «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2013-2016); ҚР Премьер-Министрі (2016-2019); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (2019-24.03.2019); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы (03.2019-06.2019).

2019-2022 жылдары Алматы қаласының әкімі.

Айта кетейік, осы жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.

Аяна Тоғанбек