• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 01 Маусым, 2022

Елімізде жас ғалымдар саны артты

533 рет
көрсетілді

Елімізде жас ғалымдардың саны 1 мың адамға артты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпы, соңғы 3 жылда ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 70 пайызға артты. Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмыс форматы өзгертілді. Олардың құрамы ғалымдардың объективті ғылыми өлшемдері негізінде 85 пайызға жаңартылды. Кеңестердің отырысы онлайн режимде өтеді, олардың шешімдерін аппеляцияға беру институты енгізілді», деді Президент Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, жас ғалымдарды кешенді қолдау күшейтілді. Докторант бағдарламасы бойынша білім алу үшін гранттар саны кезең-кезеңімен артып келеді, докторанттардың шәкіртақысы ұлғайды. Посдокторанттарға арнаулы шәкіртақы енгізілді.

«Қорытындысында елдегі жас ғалымдардң аясы соңғы 2 жылдың ішінде 1 мыңнан астам адамға кеңейді. Әлемдік ғылыми орталықтарда ғалымдардың біліктілігін арттыру мақсатында тағылымдамадан өтуге гранттар бөлінеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.