• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2014

«Астана ЭКСПО-2017»-ге ирандықтар да қызығушылық танытты

258 рет
көрсетілді

Жақында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – ЭКСПО-2017 Комиссары Рәпіл Жошыбаев ирандық «Tejarat Almas» холдингі басшылығымен кездесті. Кездесу барысында ирандық делегацияға ЭКСПО-2017 жобасы таныстырылды. Сонымен қатар, тараптар туризм және құрылыс саласына инвестиция тарту мәселелерін талқылады. Рәпіл Жошыбаев ЭКСПО жобасына шетелдік капиталды қатыстыруды ынталандыруға байланысты қазақстандық жақтың жасап жатқан шаралары мен Қазақстанның туристік қызмет саласындағы қабілеті жайында егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. «Tejarat Almas» холдингі 150-ге жуық компанияны біріктіретін көпсалалы мекеме болып табылады. Ол тұрғын үй, офистік ғимараттар салу, ІТ технологиялар және туристік бизнес салаларында жұмыс істейді. Жылдық қаржы айналымы 3,5 млрд. АҚШ долларынан астам. Кездесу қорытындысы бо­­йын­ша тараптар ЭКСПО нысан­­дарына инвестиция салу мәселесін тере­ңірек зерттеуге уағдаласты. «Егемен-ақпарат».