• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 02 Маусым, 2022

Шығыс Еуропадағы маңызды серіктес

174 рет
көрсетілді

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Польша Сыртқы істер министрі Збигнев Раумен кездесті. Шетелдік дипломат Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Іс басындағы төрағасы ретінде екі күндік ресми сапармен Қазақстанға келді.

Кездесуде ЕҚЫҰ аясындағы ынты­мақ­тастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Әңгімелесу барысында З.Рау Польшаның Ұйымға төрағалығын қолдағаны үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді.

А.Рахметуллин Қазақстанның алда­ғы уақытта да Ұйымның жұмысына үлес қосуға дайын екенін растады. Сон­дай-ақ ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси, эконо­микалық-экологиялық және гумани­тар­лық салаларын жүзеге асыруда тең­герімді көзқарас сақтау қажеттігін атап өтті.

Күн тәртібіндегі халықаралық мәсе­ле­­лерді талқылай отырып, тараптар аймақтағы геосаяси шиеленістің артуына байланысты Іс басындағы төрағалық алдында тұрған қиындықтарға назар аударды. Осы тұрғыда дипломаттар Ұйымға қатысушы мемлекеттер арасында қауіпсіздік саласындағы сенімді қалпына келтіру және ынтымақтастықты нығайту шаралары туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар келіссөздер кезінде Қазақстанның саяси трансформациясы және Қазақстан Конституциясына өзге­рістер мен толықтырулар енгізу бо­йын­­ша алдағы жалпыхалықтық рефе­рен­­­­дум да сөз болды. Сыртқы істер ми­нистрінің бірінші орынбасары поль­ша­лық әріптесіне «Жаңа Қазақ­станды» құр­уға және «Екінші Респуб­ликаны» қалып­тас­тыруға бағытталған реформаларды жүзеге асыру барысы туралы әңгімелеп берді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Польшаның көпжақты форматтағы тиімді ынтымақтастығын атап өтіп, диалогты жалғастыруға келісті. Келіссөз­дерден кейін дипломаттар бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифинг өткізді.

«Биыл біз қос мерейтойды атап өтеміз. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға қосылғанына және еліміз бен Польша арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толды. Министр З.Раудың сапары осындай мерейтойлық дата аясында өтуі­нің символдық мәні бар», деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

«Қазақстан әскери-саяси, экономи­калық-экологиялық және гуманитарлық салаларда ЕҚЫҰ-мен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Еліміз 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ-ға қатысу­шы елдердің мемлекет және үкімет бас­шыларының Саммитін өткізді. Бір­ыңғай және бөлінбейтін Еуро-Атлан­ти­калық және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығының пайымы белгіленген «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» Астана декларациясын қабылдау арқылы ұйымның дамуына елеулі үлес қосты.

Осы жылдар ішінде достық пен сенімге негізделген қазақстандық-поляк серіктестігі нығайып, оң бағытта дамуын жалғастырып отыр. Бұған екіжақты және көпжақты форматтағы өзара конструктивті әрекеттестік және белсенді сауда-экономикалық әрі инвестициялық ынтымақтастық дәлел бола алады. Польша – Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі маңызды және перспективалы әріптесі. Польшаның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі болуға деген ұмтылысымызды растаймыз», деп атап өтті А.Рахметуллин.