Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған ер адамның денесі табылды. Құтқарушылар бір апта іздеген ер адам суға батып кеткен. Бұл туралы СҚО төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Мұратов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ол жерде Есіл өзенінің тереңдігі 4 метрге дейін жетеді. Ағыс оқиға болған жерден 8 шақырымға алып кеткен, яғни жағада көлігі қалған жерден 8 шақырымнан кейін табылды. Қазір марқұмның өзенге не үшін барғаны анықталып жатыр», деп түсіндірді Марат Мұратов.