• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Маусым, 2022

Әлемде 733 млн адам жарықсыз отыр

283 рет
көрсетілді

Ғаламшарда 733 миллион адам әлі күнге дейін электр қуатынсыз өмір сүріп жатса, 2,4 миллиард адам денсаулық пен қоршаған ортаға зиян келтіретін отынмен тамақ пісіреді, деп хабарлайды Egemen.kz БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

COVID-19 пандемиясы электр қуатына, таза отынға және тамақ пісіру технологияларына жалпыға бірдей қолжетімділікті баяулатты. Украинадағы соғыстың салдары жаңа қиындықтар туғызуы мүмкін.

Жағдай өзгермесе, 2030 жылға қарай 670 миллион адам жарықсыз қалады деп болжанып отыр. Бұл туралы БҰҰ баяндамасында айтылған. 2022 жылға арналған «Энергетика саласындағы прогресс туралы» жаңа есепті БҰҰ агенттіктері мен оның Тұрақты даму мақсаттарының біріне кіретін ТДО-7 куратор-агенттіктері әзірледі.

Пандемияның әсері, соның ішінде көптеген дүкендердің жабылуы, жаһандық жеткізу тізбегінің үзілуі және азық-түлік пен жанармайдың қолжетімді бағасын ұстап тұру үшін фискалдық ресурстарды қайта бөлу ТДО-7-ге жету қарқынына әсер етті. Прогресс ең осал және энергетика бойынша артта қалған елдерде баяу жүрген. Бұрын электр қуатына қол жеткізген Азия мен Африкадағы 90 миллионға жуық адам бұдан былай жарық құнын төлей алмайды.

Жалпы Африка әлемде электр жабдығымен аз қамтылған ел болып қалып отыр. Құрлықтың 568 миллион тұрғыны электр қуатына қол жеткізе алмайды. Сахараның оңтүстігіндегі Африканың электр қуатына қол жеткізе алмайтын халқының үлесі 2020 жылы 77%-ға дейін өскен.