• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Маусым, 2022

Эстонияда жанармай бағасы шарықтады

237 рет
көрсетілді

1 маусымнан бастап Эстонияда жағар-жанармай бағасы күрт өсе бастады. Бір апта ішінде баға орташа есеппен 2-3%-ға көтерілді, деп хабарлады Egemen.kz ERR-ға сілтеме жасап.

Жоғары сұранысқа ие АИ-95 жанармайының құны литріне 2,079-дан 2,119 еуроға дейін өсті. Бұл ретте 18 мамырда бұл отын түрінің бағасы литрі үшін 2,059 еуроға көтерілген кезде баға рекордтық көрсеткішке жетті.

Дәл осындай жағдай АИ-98 маркалы жанармайға да қатысты. Ол литріне 2,129 еуродан 2,169 еуроға дейін қымбаттап, апталық өсім 1,8%-ды көрсетті.

Десе де, ең жоғары көрсеткіш дизель отынына тиесілі. Оның бағасы литріне 1,889 еуродан 1,949 еуроға дейін, яғни 3%-ға артты.

Эстонияда жанармай бағасының қымбаттауы әлемдік нарықтағы мұнай бағасының көтерілуіне байланысты болып отыр. Ол барреліне 120 долларды құрап, ең жоғары деңгейге жетті.