Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында биылғы жылдың 23-27 мамырында Шымкент қаласында әйелдер арасында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни-ағартушылық жұмысты ұйымдастыру, сонымен қатар дін жолындағы әйелдер арасында діни экстремизмнің таралуының алдын алуға бағытталған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру аясында жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шара мен кездесу өткізілді.
Аталған кездесулерге РАТТ мүшелері – теологтер, дінтанушылар Т.Қожахметова, Д.Нұрғалиева, А.Дүйсенбаева, Г.Шетенова, Ш.Әділбаева қатысты.
РАТТ мүшелерінің Шымкент қаласының «Әл-Біләл», «Амоли Солих», «Қаттани» мешіттеріндегі діндар әйелдермен, М.Әуезов атындағы университеттің, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің, Шымкент қаласындағы жоғары медициналық колледждің, «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінің студенттерімен, «Әйел-қыздар» секторының, Шымкент қаласының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерімен және «Жусан» операциясының нәтижесінде елге оралған әйелдермен кездесулері ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шараларда тұрғындарға Қазақстанда тұратын барлық конфессия мен этностың бейбіт өзара іс-қимылымен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығын түсіндіруге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мән-маңызы туралы ақпарат берілді.
Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың теріс әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды. Қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен оқиғалар кеңінен түсіндіріліп, адамдардың діни тұрғыдан сергек болуы керек екені айтылды. Тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақ қойылып, оларға РАТТ мүшелері тиісінше жауап берді.
Ақпараттық-түсіндіру топтарының белсенді жұмысы халықтың рухани жаңғыруына ықпалын тигізетіні анық.
Талғат АХЫМБЕТОВ,
«Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
ШЫМКЕНТ