• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 03 Маусым, 2022

Бүлдіршіндерді үш тілде оқытудың қажеті жоқ - сенатор

867 рет
көрсетілді

Сенаторлар бір кездері қабылданған заңға қайта наразылық білдіріп, шет тілдерін 5-сыныптан бастап оқытуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы бастауыш сыныптың білім беру жүйесіндегі үштілділік бағдарламасын сынға алды.

«Әрине, жастардың ағылшын тілін білуі - уақыт талабы. Бірақ ойлау, сананы дамыту жүйесі әлі толық қалыптаспаған қазақ бүлдіршіндеріне бірден үш тілді оқытудың қажеті қанша?», дейді сенатор.

Сондай-ақ ол әлемнің ең әлеуетті 30 елдің бастауыш сыныптарында қанша тіл оқытылатынын зерттеген.  Дерегінше, екі тіл 1-сыныптан 4 елде, 2-сыныптан 5 елде, 4-сыныптан 12 елде оқытылады.

«Шет тілін білу сауаттылықтың негізгі көрсеткіші емес, әлемдік ғылымды игеруге қажетті құрал ғана», деп келтірді Мұрат Бақтиярұлы.

Салтанат Кенжебай