• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Елорда 03 Маусым, 2022

Елордада көлік қозғалысы уақытша шектеледі

237 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ММ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Бөгенбай батыр эстакадасына жақын жерде Шоқан Уәлиханов көшесі жағынан (оң жағы) жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 3 маусым сағат 19:00-ден 6 маусым сағат 6:00-ге дейін Шоқан Уәлиханов көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі жол өтпесіне кіреберістің оң жағы бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады. Автокөлік құралдары үшін қозғалыс жол өтпесінің сол жағы бойынша қайта бағытталады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.

Аяна Тоғанбек