• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Президент 03 Маусым, 2022

Жаңа түзетулер билік тармақтарын реттеуге бағытталған - Тоқаев

298 рет
көрсетілді

Бір ай ішінде елімізде конституциялық түзетулер жобасы белсенді талқыланып, түсіндірілді. Бұл жайлы Мемлекет басшысы өзінің бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ата Заңның барлық жаңа ережелері Президенттің артықшылықтары мен өкілеттіктерін арттыруға емес, билік тармақтары арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтуға, барлық азаматтардың мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Конституциялық өзгерістер бойынша бүкілхалықтық ерік білдіру жаңа, әділетті Қазақстанның берік іргетасын қалайтынына сенімдімін», деді ол.

Сондай-ақ Президент референдум біздің қоғамның азаматтық жетілуіне және саяси санаға тексеріс болатынын атап өтті. Орталық референдум комиссиясы мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар сайлау заңнамасының барлық нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді. Дауыс беру барысын халықаралық байқаушылар мен еліміздің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері бақылайтын болады.

«Бұрын-соңды болмаған геостратегиялық белгісіздік пен еліміздің алдында тұрған күрделі міндеттерді шешу қажеттілігі жағдайында біз өзіміздің бірлігіміз бен ынтымағымызбен мықты болуға тиіспіз. Шынайы демократия әрбір азаматтың ортақ ісіне белсенді және жасампаз қатысуды көздейді. Жаңа түзетулерге дауыс бере отырып, сіз сыбайлас жемқорлыққа, непотизмге, саясат пен экономикадағы монополияға қарсы шешім қабылдайсыз», деді Президент өз сөзінде.